Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Бішкекте Қазақстан медицинасының күндері өтеді

«Здоровье» (АКИpress) – Бішкекте 13-14 қарашада Қырғыз Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері өтеді. Бұл туралы 12-қарашада Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына 27-қараша күнгі ресми сапарының қарсаңында өтеді.

Осы іс-шараның шеңберінде екі елдің денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен форум өткізілетін болады.

Ғылыми орталықтардың бірінші басшылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері туралы баяндама жасайды:

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының басқарма төрағасы Абай Байгенжин;
«University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Жақсыбай Жұмаділов;
А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасының м.а. Болатбек Баймаханов және басқалар.
Қазақстандық мамандар Қырғыз Республикасының азаматтарына тегін консультациялар беруді ұйымдастыруды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстандық жетекші медициналық ұйымдардың қатысуымен медициналық көрме ұйымдастырылады.

https://zdorovie.akipress.org/news:1576920/

Разработано в AlmaWeb