Құрметті отандастар!
Біздің хирургтердің (кардиохирургтер, аритмологтар, рентгенэндоваскулярлық хирургтер, өңеш пен асқазанға жасалатын реконструктивті операциялар саласындағы мамандар, бауыр мен ұйқыбез хирургтері, торакалды хирургтер, урологтар, пластикалық хирургтер, трансплантологтар) кәсіби жетістіктері елімізде ғана емес, шетелде де кең танымалдылыққа ие.
А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы –1945 жылғы сәуірде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен мүгедектеріне арналған госпиталь негізінде құрылған ірі ғылыми, білім беру және тәжірибе орталығы.
Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі ретінде құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін жаңа хирургиялық әдістерді жасап, тәжірибеге енгізетін ғылыми орталыққа айналды. Орталықта азинвазивті, шағын жарақатты технологиялар, оның ішінде эндоваскулярлық және бейнеассистенттік операциялар кеңінен қолданылады, сондай-ақ, анестезиология мен реаниматологияның заманауи әдістері де үздіксіз жетілдіріліп жатыр.
Орталық қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жетекші отандық және шетелдік журналдарда жүйелі түрде жарияланып отырады және олардың өнертабыстары патенттеледі. Орталықтың білікті қызметкерлері хирургияның түрлі салаларындағы танымал сарапшылар ретінде хирургиялық ауруларды емдеуге арналған ұлттық клиникалық нұсқаулықтарды даярлауға шақырылады.
Орталық базасында жас мамандар және тәжірибелі қазақстандық дәрігерлер жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтан өтіп, қосымша кәсіби білім алады.
Көшбасшы болу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Біз өз деңгейімізді жоғары ұстаумен ғана шектелмей, стационардағыемделушілерге жайлы жағдай жасай отырып, сондай-ақ емдеудің жаңа технологияларын енгізу арқылы оны үнемі шыңдай түсуге тырысамыз.
Көшбасшы болу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Біз өз мүмкіндіктеріміздің деңгейін бірқалыпта ұстап қана қоймай, стационардағы емделушілерге жайлы жағдай жасай отырып, сондай-ақ, емдеудің жаңа технологияларын енгізу арқылы өз деңгейімізді үнемі шыңдай түсуге тырысамыз.
Бізге артылған сенімді ақтау – біз үшін ең үлкен құндылық!