Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

МӘМС жарнасын төлеуден кім босатылды?

Бүкіл ел бойынша МӘМС жүйесін енгізуге санаулы айлар қалды. Жүйе әлеуметтік бағытта және барлығына бірдей болғандықтан, медициналық сақтандыру Қорына жарна төлей алмайтындарды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды медициналық сақтандыру Қорының баспасөз қызметі.

Жарна төлеушілердің қатарында жұмыс берушілер, ЖК, жеке нотариустар және сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, қызметкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарт бойынша табыс табатын физикалық тұлғалар бар екені белгілі.

28 бапқа сәйкес, медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден әлеуметтік тұрғыдан әлсіз 15 топтың құрамына енетін азаматтар босатылады. Біз мемлекет кімдер үшін жарна төлейтінін толығырақ айтып өтеміз.

Сонымен, бірінші кезекте, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

Сондай-ақ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар, жүктілігіне байланысты немесе үш жасқа толмаған балалары бар жұмыссыз аналарды да мемлекет елеусіз қалдырмайды.

Интернаттық ұйымдардағы балалар мен тәрбиеленушілер, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар жарна төлеуден босатылады, алайда тегін медициналық көмек ала алады.

Жеңілдік алғандардың қатарында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері де бар. Әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де жарна төлеуден босатылады.

Жұмыссыз қалғандар соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде медициналық көмек алуға құқылы. Егер де жұмысқа орналасуға байланысты қиындықтар туындаса, міндетте түрде жұмыссыз ретінде тіркелсе, мемлекет бұл санаттағы тұлғаларды да назарға алады.

Жеңілдік берілгендердің қатарында қылмыстық-атқару (пеницетарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар, уақытша ұстау изоляторларындағы және арнайы изоляторлардағы тұлғалар да бар.

2020 жылы мемлекет бұл азаматтар үшін ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдық орташа айлық еңбекақысының 4%-ын төлейтін болады.

Жаңа жылда денсаулығыңыз назарсыз қалмасын десеңіз, бүгіннен бастап өз клиникаңызды таңдаңыз және өз мәртебеңізді тексеріңіз!

https://www.zakon.kz/4988583-komu-ne-nuzhno-budet-platit-po-osms.html?fbclid=IwAR2KF0d7imSy3LFRmLkjS-NfmpG8-RampDmRFL3ntrBmJvDWsbKrOKNelJ0

Разработано в AlmaWeb