Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы бүйрек трансплантациясы еді

Бақыт Мырзабек – өте ақылды әрі зерек бала, алайда терминалды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне алып келген туа біткен патологиясы бар. Науқастың жасы 8-ге толғанда қос бүйрегі істен шығып, толықтырушы бүйрек терапиясын алуға мәжбүр болған. Перитонеалды диализді қабылдап бастағанына 2 жыл өткенде перитонит пайда болып, науқас гемодиализге ауыстырылады. Баланың барлық дерлік қантамырлық қолжетімділіктерінде тромб қалыптасып, гемодиализ жүргізуге жалғыз қантамырлық қолжетімділік қалады. Науқастың жай-күйі жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары, бас сүйек ішіндегі жоғары қысым, қантамырлардың тромбоздары, гипоталамиялық май басу, фосфор-кальций алмасуының бұзылуы (науқас өздігінен әрең қозғалып жүрген), өкпе пневмофиброзы, көз патологиясы, ішектің жабыспа ауруы сияқты көптеген жанама патологияларға байланысты ауырлай түскен.

Науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы бүйрек трансплантациясы еді. Аурудың түрлі патологиялармен жанамалас екенін, сондай-ақ отаға организмнің ықтимал реакциясын алдын ала анықтаудың мүмкін еместігін ескере отырып, осы жағдайда ота жасау үлкен тәуекелді талап ететін іс болды. Дегенмен «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да басқарма төрағасы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендеұлының басшылығымен науқасқа туыстық бүйрек трансплантациясы жасалды. Донор – сәбиі дүниеге келген алғашқы күннен бастап, барлық мүмкіндікті жүзеге асыруға тырысқан анасы.

Науқас отадан кейінгі күрделі емдеу кезеңдерінен өтті. Техникалық тұрғыдан ота өте сәтті орындалғанымен, трансплантаттың қызметінде қиындықтар туындады. Науқас 2 ай бойы гемодиализ алуды жалғастыра берді. Дұрыс таңдалған емдеу тактикасының арқасында екі айдан кейін трансплантат-бүйректің жұмысы толық қалпына келіп, көп ұзамай гемодиализ жүргізу тоқтатылды. Бала барынша белсенді болып, өздігінен қимылдауға көшті. Өмірге құштар, бақытты сәбиге айналды. Мырзабек күннен-күнге сауығып, өз жасындағы балалар секілді белсенді өмірге оралуда.

Орталық дәрігерлері Мырзабекке және оның анасына денсаулық және жарқын болашақ тілейді.

Разработано в AlmaWeb