Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Отандық медицина отаның жаңа түріне дайын

Медицина ғылымына көз жүгіртіп оты­рып оқып-білгеніміздей, бауыр алмас­ты­ру­дың екі түрі бар. Бірі донор арқылы, екін­шісі туыстық трансплантация. «Ба­уы­рын алмастырған науқастардың 95 па­йыз­ға жуығы аяқтарынан тік тұрып кетеді» дей­ді деректер. Әлем бойынша айтсақ, жал­пы, трансплантация қарқын алу үс­тін­де. Бір жылда жасалатын мұндай оталар са­ны – 40 мыңға жуық. Енді әңгіменің тоқ­етеріне келсек, біздің елде донорлық мә­селесі көп көтерілсе де, ақыр соңында сұ­рау белгісінде қалады. Сол себепті де дұрыс жол­ға қойылмай-ақ қойды. Өйткені қоғам да­йын емес. Ал шетелдерде әлем елдері­нің бар­лығына ортақ проблема са­на­лып отыр­ған ағза тапшылығы көлденең тұр­ғанымен, біздегідей қоғам тарапынан та­лас жоқ. Бірқатар елдерде тіндер мен ағ­­за­лар базасымен қатар, оларды та­сы­мал­­дау да кең қолданылады. Тіпті бір қа­ладан екін­ші бір қалаға да жеткізіліп жа­та­ды. Ес­те­ріңізге сала кетейік, донордан алын­ған бауыр 8-10 сағат аралығына де­йін ғана жа­рамды. Сол уақыт ішінде ағза ауыс­­ты­ры­лып үлгеруі тиіс. Ал туыстық тран­­с­план­та­ция дегеніміз, бауыры цир­роз­ға ұшы­ра­ған адамға оның өзінің туыс­қаны ба­уы­рының жартысын бере алады екен. Ба­уыр­дың оң және сол жақтары болады. Пы­шаққа түскен бауыр біртіндеп бітіп кет­се керек. Мұндай аса күрделі ота асқан ше­берлікті қажет етеді және ағза ал­мас­тыру шамамен 8-10 сағатқа созыла­тын­ға ұқ­сайды. Негізі, сөз болып отырған ота ме­дицинасы көш ілгері елдердің тә­жі­ри­бе­сінде бұрыннан бар. Айтпақшы, ба­уы­рын беруге келіскен жан мұқият тек­се­ріле­ді жә­не оның дені сау болуы тиіс.

«Донордың жоқтығынан қанша адам қай­тыс болып кетіп жатыр. Егер қоғамның тран­сплантацияға деген көзқарасын өз­гер­тіп, яғни қайтыс болған адамның жа­рам­ды ағзаларын соған зәру жанға қон­ды­­рып отырсақ, қанша өлім-жітімнің са­нын азайтар едік», – дейді мамандар.

Ал отандық медицина тарихында тұң­ғыш жасалғалы отырған бауырды тран­с­плант­тау отасы жыл соңына қарай жос­пар­­ланып, оны ме­дицина ғылымының док­­торы, жоғары дә­режелі дәрігер, А.Н.Сыз­ғанов атын­да­ғы хирургияның ұлт­тық ғылыми орта­лы­ғы­ның хирургия және бауыр, өт айдау жол­дары мен ұйқы безі бөлімінің мең­герушісі Данияр Тоқсанбаев жасайды. Онымен тілдескенімізде:
– Адамның бауыры үшін, тіпті тек ба­уыр үшін ғана емес, өмірі мен ден­сау­лығына қатысты айтсақ та, аса қауіпті ауру – цирроз. Цирроз – сондай-ақ жиі кез­де­се­тін дерт­тер­дің бірі. Тек Қазақстанда ғана емес, жалпы, бү­кіл әлем бойынша ста­тис­ти­каға үңілсек, жағ­дай мүшкіл. Өздеріңізге бел­гілі, ме­ди­ци­нада қазір гепатиттің бір­не­­ше түрі анық­тал­ған. Міне, сол гепатит ас­қынса, жоғарыда сөз болған бауыр цир­ро­зына әкеп соғады. Әри­не, цирроздың емі жоқ деп айтуға бол­майды. Бірақ тә­жі­ри­беде жасалып жат­қан мұндай ем-дом құлантаза айықтырмайды, науқас тек белгілі бір уақытқа дейін ғана өзін жеңіл се­зінеді.

Ең дұрысы – ағза алмастыру. Транс­план­тация адамның толық сауығып ке­туіне мүмкіндік береді. Қазір мұндай ота ме­­дицина үшін жаңалық емес. Барлық дер­лік елдер сәтті қолданып жүр. Қазақ­стандағы жағдайға байланысты бауыр трансплантациясын тезірек қолға алмасақ болмайды. Біздің елдегі соңғы мәліметке қарағанда, бауыр циррозына шал­дық­қан­дар саны 1800-2000 адамға жет­кен. Өлім-жітім санын азайтуға ендігі жерде тек ағза алмастыру арқылы ғана қол жет­кізе аламыз. Бауыр ауруларынан қайтыс болғандар жайында нақты мәліметті айта алмаймын. Бірақ жылына 200-250-ге дейін жаңа науқас қосылып жатады.

Ота жасауға дайындығымыз жаман емес. Мен жұмыс істеп жүрген А.Н.Сыз­­ғанов атындағы хирургияның ұлт­тық ғылыми орталығы да, құзырлы ми­нистр­лік те қазір бауыр трансплантация­сын жа­сауға аса ынталы болып отыр. Ма­ман­­­дар­дың шетелдерде білімдерін же­тіл­ді­ріп, тә­жірибе алмасуларына жан-жақты қол­дау көрсетілуде. Керек медициналық құ­рал-жабдықтар жағы да сақадай-сай Ба­уыр алмастыруды аса қажет етіп отырған нау­қастар саны 72 болса, соның 12-сі ке­лі­сімдерін беріп отыр. Донор солардың өз­дерінің туыстары болмақ. Бұл жерде қай­­тыс болған туыстары деп қалмаңыз­дар. Сап-сау жүрген туыстары өздерінің ба­­уы­рының жартысын бере алады. Нақ­тырақ айт­сам, туыстық трансплантация, – дейді Да­нияр Тоқсанбаев. Ресей, Беларусь және Гер­манияда тәжірибе жинақтап қайтқан оның үлкен іс алдындағы толқуын байқау қиын емес. «Енді ше, бүкіл Қазақстан асы­ға күтіп отыр. Ал ең бастысы, адам тағ­ды­ры шешілгелі тұр емес пе», – дейді ол алаң­даулы екендігін жасырмай.

Отаның нақты қай күні, қай сағатта, қай минутта басталатыны әлбетте белгісіз, бірақ біз сол сәтке Қазақстанның денсау­лық сақтау саласы үшін ең айтулы оқиға ре­тінде құлағымызды түріп жү­реміз. А.Н.Сызғанов атында­ғы хирур­гия­ның ұлт­тық ғылыми орталығы мен оның тә­жірибелі маманы Данияр Тоқсанбаевқа «іс­ке сәт!» демекпіз.

Источник: http://www.inform.kz

Разработано в AlmaWeb