Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы

“ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы [Жүктеу]”

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

І. ЕЛГЕ КІРЕТІН ОРЫНДАРДАҒЫ ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ

1. Тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) сауалнамаларды рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы аумақтық өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;

4) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша көліктік бақылау бекеттерінде санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

5) КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды хабардар етуді;

6) КВИ-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;

7) КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;

8) жергілікті атқарушы және жоғарыда тұрған органдарға анықталған ЖРВИ-дың күдікті жағдайлары жөнінде хабарлау алгоритмдерін қайта қарауды және ілуді;

9) КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу шаралары бойынша мемлекеттік шекарадағы бақылау органдарының қызметкерлеріне нұсқама беруді қамтамасыз етсін.

ІІ. РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДАҒЫ ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күн бойы карантинді;

2) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1б) санаттағы елдерден келген адамдарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша үйде оқшаулауды (үйдегі карантинді). Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады.

1а) санатындағы елдерден келген авиакомпаниялардың бортсеріктері 1б) санаттағы елдерден келген адамдар сияқты үйде оқшаулауға (үйдегі карантин) жатады;

3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2-санаттағы елдерден келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкерінің бақылауында болуын қамтамасыз етсін.

1а) және 1б) санатындағы елдерден келген үкіметтік делегациялардың мүшелері, дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдар 2-санаттағы сияқты қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

3. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, ОБЛЫСТАРДЫҢ, АЛМАТЫ, НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

2) бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;

3) Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындауды жүргізу үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), спорт кешендері (үйірмелер, секциялар), сауда-ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;

4) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, КВИ бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шетелге емделуге тек екі еріп жүруші адаммен келесі құжаттар болған жайдайда шығуға рұқсат:

– диагнозды анықтау және шұғыл емдеу туралы көрсетілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министруінің міндетін атқарушы 2010 жылдың 23 қарашасында № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысына;

– аудармасы нотариуспен бекітілген шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақырту хатына сәйкес беріледі.

5) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды қолдануға тыйым салуды;

6) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында толық карантинді (баруға тыйым салу) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді;

7) адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, діни мақсаттағы, ХҚКО, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) қонақ үйлер және т.б.), денсаулық сақтау (оның ішінде дәріханалар) және білім беру объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);

8) әрбір рейстен кейін, қоғамдық көлік тоқтағаннан кейін қоғамдық көлікті, ортақ пайдалану орындарын (жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар, скверлер, алаңдар және т.б.) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді (күніне екі реттен кем емес);

9) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін оралған түрінде сатуды;

10) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерде халыққа қызметті ауысымына және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді;

11) ірі сауда объектілері аумағында орналасқан фуд-корттарда үстелдер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуын;

12) белсенді эпидемиологиялық қадағалауды, КВИ-дың клиникалық белгілері бойынша ұқсас вирустық инфекция белгілері бар науқастарды (және күдікті адамдарды) анықтауды және оқшаулауды;

13) іс-әрекеті КВИ-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды пайдалануын;

14) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін КВИ-дың әкеліну және таралу қаупі жағдайында КВИ-дың эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;

15) І-ІІ типті қорғаныш костюмдерін және жеке қорғаныш құралдарын көрсете отырып, КВИ кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, нұсқама жүргізуді;

16) турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

17) КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі хабардар етуді, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОБЛЫСТАРДЫҢ, АЛМАТЫ, НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘКІМДЕРІМЕН БІРЛЕСІП:

1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарын каникулға шығаруды;

2) ТжКБ және жоғары білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз етуді), оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруді;

3) білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) сақтауды;

4) оқытудың кабинеттік жүйесін тоқтатуды;

5) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтар үй-жайларын кварцтауды;

6) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі сүзгі (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау) өткізуді;

7) каникул және төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1а, 1б, 2, 3-санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.

6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

1) КВИ бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;

2) КВИ бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп халық арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын.

ІІІ. ИНФЕКЦИЯ ОШАҚТАРЫН ОҚШАУЛАУ БОЙЫНША ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

8. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес КВИ тіркелген кезде мониторингілеу және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында жолаушылардың деректерін өңдеу алгоритмі бекітілсін.

9. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

10. ОБЛЫСТАРДЫҢ, АЛМАТЫ, НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ:

1) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарларды ашуды;

2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларды ашуды;

3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нұсқаулықты сақтай отырып, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды;

4) халықты КВИ-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданатын шаралар туралы хабардар етуді;

5) реанимациялық жабдықтардың қажетті санын (ӨЖЖ аппараттары, перфузорлар, пульсоксиметрлер, кардиомониторлар) сатып алуды қамтамасыз етсін.

11. ОБЛЫСТАРДЫҢ, АЛМАТЫ, НҰР-СҰЛТАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, КВИ-мен ауыратын науқастарды және КВИ ауруына күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда бөлек төсектер бөлуді;

2) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) КВИ ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді;

3) КВИ-мен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарда емдеуді;

4) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды провизорлық стационарға емдеуге жатқызуды және медициналық тексеруді;

5) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды зертханалық тексеруді;

6) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды карантиндік стационарда оқшаулауды;

7) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдардың үйдегі карантинін;

8) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша парақтарды (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді;

9) байланыста болған қалған адамдарды қашықтықтан медициналық бақылауды;

10) ЖРВИ белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті, онкологиялық аурулар, транспланттаудан кейінгі пациенттер, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар пациенттер) динамикалық бақылау шеңберінде пациенттер үшін маскалар беруді тегін қамтамасыз етуді;

11) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастыруды;

12) МСАК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;

13) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын ұлғайтуды;

14) қажет болған жағдайда жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы ауруханаға жаткызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) көрсетуді тоқтату /шектеу;

15) КВИ-мен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті;

16) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин енгізуді.

12. ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ КӨЛІКТЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ, АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібін орындауды;

2) ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, ҚХР-дан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз өзге де елдерден келген шетел азаматтарын бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;

3) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабарлама беруді;

5) бірінші және екінші деңгейдегі байланыста болған адамдардың тобын және эпидемияға қарсы іс-шаралар көлемін 48 сағат ішінде анықтай отырып, КВИ-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеруді;

6) халықты КВИ-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қабылданатын шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

13. «ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ бойынша қолайсыз елдердегі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүзеге асырсын;

2) күн сайын сағат 19-00-ге дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне, денсаулық сақтау басқармаларына және облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне санаттар бөлігінде КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін ұсынуды;

3) КВИ тіркелген елдердің тізімін сайтта күн сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

14. «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ (БҰДАН ӘРІ – ҰСО):

1) КВИ-мен ауыратын науқастарды және байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді;

2) КВИ ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді;

3) КВИ-мен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың төмендемейтін қорын;

4) КВИ-ға күдік туындаған жағдайда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес КВИ диагностикасының әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

5) КВИ-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда КВИ-мен ауыратын науқастардан материалды алу және тасымалдау, КВИ-ға күдікті науқастарды тасымалдау, КВИ-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

15. «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» (БҰДАН ӘРІ – ҚДСҰО), «М. АЙҚЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» (БҰДАН ӘРІ – АҚИҰҒО) ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРЫ:

1) Орталық референс-зертхананың КВИ-ге зерттеулер жүргізу үшін сынамалар қабылдауға дайындығын;

2) КВИ-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда аумақтық обаға қарсы күрес станциясы зертханасының базасында, ал олар болмаған жағдайда – аумақтық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасында зерттеу жүргізу үшін АҚИҰҒО маманының шығуын;

3) тәулік бойы әлемнің елдеріндегі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың мониторингін;

4) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат) қамтамасыз

етсін.

16. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің басшылары байланыста болған адамдарды іздестіруге, оларды провизорлық және карантиндік стационарға оқшаулауға, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарларды күзетуге жәрдем көрсетсін.

17. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп саналсын.

18. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

19. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ Ж. БЕКШИН

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ______________ қаулысына 1-қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

1 а) санат

Франция

Иран

Италия

Испания

Германия

1 б) санат

ҚХР

Оңтүстік Корея

1а) санаты тізбесіне кіретін елдерден басқа Шенген аймағының елдері

2-санат

Филлипин

Катар

Үндістан

БАӘ

Ұлыбритания

Әзірбайжан

Тайланд

АҚШ

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ___________ қаулысына 2-қосымша

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг жүргізу және тексеру жүргізу мақсатында жолаушылар деректерін өңдеу алгоритмі:

1. Комитеттің көліктегі аумақтық бөлімшесінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі – СКП) мамандары қоса беріліп отырған сауалнамаға сәйкес шет елдерден келген жолаушыларға сауалнама жүргізеді.

2. Сауалнамаларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді рейс келгеннен кейін екі сағаттың ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб қосымшасына оларды бере отырып, СКП қызметкері жүргізеді.

3. Дербес деректер Веб қосымшада тікелей нөмірлену арқылы автоматты түрде кодталады (Нұр-Сұлтанға, Алматыға, Ақтауға келген пациенттің деректері – » Кодтау: 1NS, 1AL, 1AK).*

4. COVID-19 бойынша қолайсыз елдерден келген жолаушыларға қатысты елдердің санатына байланысты мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1а санатындағы елдерден келген жолаушылар стационарға карантинге орналастырылады;

1б санатындағы елдерден келген жолаушылар үйдегі карантинге орналастырылады;

2-ші санаттағы елдерден келген жолаушылар қоңырау шалу арқылы қашықтықтағы медициналық бақылауда болады;

3-ші санаттағы елдерден келген жолаушыларға шектеу қойылмайды, бірақ есепке алынады.

5. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ҚДСБ) мен Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – АД) мамандары жолаушыларды жұқпалы аурулар стационарына карантинге немесе үйдегі карантинге орналастырған кезде олар бойынша ақпаратты бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Веб қосымшаға жүктейді (Веб қосымшадағы түс гаммасы: стационардағы карантин – сары түс; үйдегі карантин және қашықтықтағы медициналық бақылау – көк түс).

6. ҚДСБ-ның мамандары бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қашықтықтағы медициналық бақылау нәтижелерін Веб қосымшаға енгізеді.

7. АД-ның мамандары COVID-19-ге зертханалық зерттеудің оң нәтижесін алған кезде 10 минуттың ішінде оларды Бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Веб қосымшаға жүйтейді (Веб қосымшадағы түс гаммасы: COVID-19-ге оң нәтиже – қызыл түс).

8. АД мамандары COVID -19-ге оң нәтиже алғаннан кейін екі сағаттың ішінде осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес осы науқас бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және Веб қосымшаға жүктейді.

9. СКП мамандары Веб қосымша арқылы нәтижелерді алған кезде егер бұл науқас басқа елден келген болса бортта жолаушылардың отырғызылған орындарына сәйкес жақын және ықтимал байланыстағы (бұдан әрі – сәйкесінше ЖБ, ӘБ) болып табылатын адамдарды анықтау арқылы науқастардың анамнезі бойынша деректерді жинауды жүзеге асырады және Веб қосымшадан ақпаратты алғаннан кейін 2 сағаттың ішінде деректерді Веб қосымшаға жібереді (Веб қосымшадағы түс гаммасы: ЖБ – сарғылт түс, ӘБ – сұр түс).

10. АД мамандары ҚДСБ-мен бірлесіп Веб қосымшадан ақпарат келіп түскеннен кейін 12 сағаттың ішінде ЖБ-ны іздестіру және оларды емдеуге жатқызу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

11. АД мамандары ҚДСБ-мен бірлесіп ЖБ-ны емдеуге жатқызуды аяқтаған соң Веб қосымшадан ақпарат келіп түскеннен кейін 24 сағаттың ішінде ӘБ-ны іздестіру және оларға қолхат арқылы үйдегі карантинді айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

12. Белгіленген мерзім аяқталған соң пациент мониторингтен алып тасталады және алып тастау бойынша деректер Веб қосымшаға енгізіледі (Веб қосымшадағы түс гаммасы: бақылаудан алып тастау – жасыл түс).

13. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Веб қосымшаға (емдеуге жатқызу, үйдегі карантин) жүктелуі тиіс.

14. ҚДС саласындағы ТЖ бойынша Жедел орталықтың мамандары сұрау бойынша Веб қосымшадан жиынтық ақпаратты жүктеп алады.

*Кодтау мысалы: Нұр-Сұлтан қаласынан келген жолаушылар: 1,2,3,……. –» тікелей нөмірлеу арқылы кодталады 1NS, 2NS, 3NS және т.б.

САУАЛНАМА

1. ТЕГІ

2. АТЫ

3. ӘКЕСІНІҢ АТЫ

4. ТУҒАН КҮНІ

5. АЗАМАТТЫҒЫ

6. ЖСН НЕМЕСЕ ТӨЛҚҰЖАТ ДЕРЕКТЕРІ

7. ЖҰМЫС (ОҚУ) ОРНЫ

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

27.

8. СОҢҒЫ 14 КҮНДЕ СІЗ ҚАНДАЙ ЕЛДЕ БОЛДЫҢЫЗ?

28.

29.

30.

31.

32.

33.

34.

35.

36.

37.

38.

39.

40.

41.

42.

43.

44.

45.

46.

47.

48.

49.

50.

51.

52.

53.

54.

55.

56.

57.

58.

59.

60.

61.

62.

63.

64.

65.

66.

67.

68.

69.

70.

71.

72.

73.

74.

75.

76.

77.

78.

79.

80.

81.

82.

83.

84.

85.

86.

87.

88.

89.

90.

91.

9. НАУҚАСТАРМЕН НЕМЕСЕ АУРУДЫҢ СИМПТОМДАРЫ БАР АДАМДАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛДЫҢЫЗ БА?

иә

10.

11.

12.

13.

14.

15. жоқ

16.

17.

10. ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ НЕМЕСЕ БОЛЖАЛДЫ ТҰРАТЫН ЖЕРІ

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

27.

28.

29.

30.

31.

32.

33.

34.

35.

36.

37.

38.

39.

40.

41.

42.

43.

44.

45.

46.

11. БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

12. ҚОЗҒАЛЫС МАРШРУТЫ

92. қайдан

93.

94.

95.

96.

97.

98.

99.

100.

101.

102.

103.

104.

105.

106.

107.

108.

109.

110.

111.

112.

113.

114.

115.

116.

117.

118.

119.

120.

121.

122.

123.

124.

қайда

125.

126.

127.

128.

129.

130.

131.

132.

133.

134.

135.

136.

137.

138.

139.

140.

141.

142.

143.

144.

145.

146.

147.

148.

149.

150.

151.

152.

153.

154.

155.

156.

27.

13. Қолы

14. КҮНІ

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

ЕСКЕРТПЕ: САУАЛНАМА ДЕРЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ (COVID 19) ӘКЕЛІНУІ МЕН ТАРАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР ШЕҢБЕРІНДЕ ТЕК ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ, САУАЛНАМА АЛЫНАТЫН ЖОЛАУШЫ ҚР ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС БЕРГЕН МӘЛІМЕТТЕРІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ.

Санатына сәйкес елдерден келген адамдарға қатысты іс-шаралар

Түсіндірме

1а) Карантин

осы Қаулының 2-тармақ, 1-тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап 1а санатындағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, сол елдерден келген адамдар карантинге жатады *

1б) Үйде оқшаулау

(үй карантині) –

осы Қаулының 2-тармақ, 2-тармақшасына сәйкес 1б санатындағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, сол елдерден келген адамдар жатады

Жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда күнтізбелік 14 күн бойы үздіксіз міндетті түрде болу.

Карантин ішінде (14 күн бойы): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді; барлық байланыс түрлерін (телефон, интернет) пайдалануға рұқсат етіледі.

Карантин кезіндегі медицина персоналы тарапынан іс-шаралар: қарап-тексеру, дене температурасын, қан қысымын өлшеу, сұрау.

Медициналық көрсетілімдер бойынша аңқадан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алуға болады, қажет болған жағдайда басқа да зерттеу әдістері жүргізіледі.

Карантиндегі адам режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Күнтізбелік 14 күн бойы тұрғылықты жерінде (үй, пәтер, жатақхана, қонақүй және т.б.) міндетті түрде тұрақты болу.

Үйде оқшаулауға жағдай болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады.

Тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (күнтізбелік 14 күн) халық көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады.

Үй карантині кезіндегі медицина персоналы тарапынан іс-шаралар (күнтізбелік 14 күн): консультациялар және телефон арқылы қоңырау шалу арқылы үй карантинін бақылау.

Медициналық көрсетілімдер бойынша аңқадан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алуға болады, қажет болған жағдайда басқа да зерттеу әдістері жүргізіледі.

Медициналық көрсетілімдер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция симптомдары) адам Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен диагностикалау және емдеу мақсатында медициналық ұйымға (бұдан әрі – МҰ) жатқызылады.

Үй карантиніндегі адам режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2-ші санат

Медициналық бақылау

осы Қаулының 3-тармақ, 2-тармақшасына сәйкес 2-ші санаттағы елдерге соңғы барған сәттен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, сол елдерден келген адамдар жатады.

Адам Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруға құқылы.

Адамдар көп жиналатын орындарға баруға жол бермеу, басқа адамдармен байланысты шектеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (болатын) жері бойынша МСАК медицина қызметкерінің бақылауы белгіленеді.

Медициналық көрсетілімдер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция симптомдары) адам Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен диагностикалау және емдеу мақсатында МҰ-ға жатқызылуы мүмкін.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 немесе 8-7172 76 80 43 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу ұсынылады.

2-кесте

КВИ жағдайының байланыста болған адамдарының тізімі

КВИ жағдайының Т.А.Ә__________________________________________________оның сәйкестендіру нөмірі_____________________

ЖСН______________________________

Диагноз қойған күні_____________________

Бірінші сипмтомдардың пайда болған күні (егер бар болса)______________________

1-бөлім

Байланыста болған адамның сәйкестендіру нөмірі

ФИО байланыста болған адам

Жынысы

Туған күні

ЖСН

Үй мекен-жайы

Ұялы телефон

Байланыс болған орын:

– үйде

– ауруханада

-жұмыста

– саяхатшылық топ

– басқасы көрсетіңіз

Байланыс болған орын (мекенжай)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

КВИ жағдайының байланыста болған адамдарының тізімі» кестесінің жалғасы

2-бөлім

Байланыс күні

Байланыс уақыты

Байланыстың ұзақтығы (минуттар)

КВИ-мен ауыратын науқасқа қатысы

– отбасы мүшелері

– дос

– медицина қызметкері

– әріптес

– басқа_____

Қандас туысы (егер иә болса, байланысты көрсету)

– иә

– жоқ

– нақтылау белгісіз ____________

Байланыста болған адаммен байланыс:

-Жұмыста,

-телефон арқылы

басқа анықталды

(ақпарат беруден жалтарады

Байланыста болған адамның диагнозы:

– анықталған жоқ

– теріс

– КВИ-дің расталған жағдайы

– КВИ-дің үмкін болатын жағдайы

Диагноздың күні

Байланыста болған адамды бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны Жауапты эпидемиологтың Т.А.Ә. және жұмыс орны_________________Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым______________________________________________

Хабарлама күні және уақыты___________________________________________________

ТАӘ

Жынысы

Туған күні

ЖСН

Үйінің мекенжайы

Ұялы телефон

1

2

3

4

5

6

7

3-кесте КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған адамды бақылау нысаны

ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАДЫ:

1. Тегі Аты Әкесінің аты (ол бар болса) ___________________________

2. Лауазымы: ______________________

3. Жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы):_________________________

5. Ұялы телефон: ___________________

6. Электрондық почта: ____________________

БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН АДАМНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

1. Тегі Аты Әкесінің аты (ол бар болса) ___________________________

2. Жынысы

3. Туған күні

4. ЖСН

5. Үйінің мекенжайы (карантин орны):_________________________

6. Ұялы телефон: ___________________

7. Электрондық почта: ____________________

БАҚЫЛАУ ҚАДАҒАЛАУ КҮНДЕЛІГІ

Күндер

Таңертең

Кешке

Күндер

Таңертең

Кешке

Бірінші күн

«___» _______

Сегізінші күн

«___» _______

Екінші күн

«___» _______

Тоғызыншы күн

«___» _______

Үшінші күн

«___» _______

Оныншы күн

«___» _______

Төртінші күн

«___» _______

Он бірінші күн

«___» _______

Бесінші күн

«___» _______

Он екінші күн

«___» _______

Алтыншы күн

«___» _______

Он үшінші күн

«___» _______

Жетінші күн

«___» _______

Он төртінші күн

«___» _______

Ескертпе: аурудың симптомдарын көрсету

Үй карантині жағдайларында медициналық бақылаудағы байланыста болған адамдар туралы мәліметтер

Бақылау жүргізген қызметкердің ТАӘ________________________________

Бақылау жүргізген қызметкердің байланыс телефоны:______________________________________

Ұйым, лауазымы___________________

№рн

Жауапты маманды сәйкестендіргіш

Байланыста болған адамды бірегей сәйкестендіргіш

Тегі

Аты

Жынысы

Жас ерекшелігі

Мекенжайы/ байланыс телефоны: үй телефоны, ұялы телефон

Туыстарының байланыс телефондары

Ағымдағы мәртебе

1 – бақылауда

2 – жұмыста (іздеу)

3 – ауыстырылды

4 – алып тасталды

Алып тастаған/ауыстырған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

4 кесте

СOVID-19 ЖАҒДАЙЫН ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ

№р/н

Жағдайды бірегей сәйкестендіргіш

Кластер /өңірлің нөмірі

Тегі Аты Әкесінің аты (ол ар болса)

Жынысы

Туған күні (күні/айы/жылы)

Жас ерекшелігі (жас, ай)

Тұрғылықты мекенжайы

Азаматтығы

ЖСН

Байланыс (ұялы жәе үй) телефоны

Ағымдағы мәртебе:

Жағдай мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тірі ⬜ қайтыс болған⬜

⬜ расталған

⬜ мүмкін болатын

⬜ күдікті

СИМПТОМДАРЫ

№р/н

Бірінші симптомның пайда болған күні

Жоғары температура >380C (қазір немесе бұрын)

Тамақтың ауыруы

Мұрын-ның бітелуі

Жөтел

Тыныс алудың қиындауы/ демігу

Құсу

Лоқсу

Іш өту

Қосымша мәліметтер /Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

_____/_____2020 г.

⬜ симптомдар жоқ

⬜ белгісіз

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜⬜

ҮЛГІЛЕРДІ БАСТАПҚЫ ЖИНАУ

№р/н

Респираторлық үлгілерді жинаған күні

Респираторлық үлгінің типі

Сарысу алынды ма?

Басқа да биологиялық үлгілер алындыма?

1

2

3

4

6

_____/______/2020 г.

⬜ Мұрыннан жағынды

⬜ Аңқадан жағынды

⬜Жұтқыншақтан жағынды

⬜ Басқа да, көрсету керек

иә ⬜ күні:_______

жоқ⬜

иә ⬜ күні:_______

жоқ⬜

КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

№р/н

Емдеуге жатқызу талап етіледі

Реанимациялық бөлімшеге орналастыру талап етіледі

Жіті респираторлық дистресс-синдром

Өкпенің қабынуы (на рентгенде немесе КТ-да)

Инфекцияның болуын болжайтын басқа да ауыр немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай

Өкпені жасанды желдету талап етіледі

Требуется экстракорпоральная мембранная оксигенация (ЭМО)

Ескертпе

1

2

3

4

6

7

8

9

⬜иә ⬜ жоқ ⬜ белгісіз

Егер иә болса, стационарды көрсетіңіз

⬜иә ⬜ жоқ ⬜ белгісіз

иә ⬜ күні:_______

жоқ ⬜

иә ⬜ күні________

жоқ ⬜

рентген/КТ жүргізілген жоқ

иә ⬜ қандай екенін көрсету керек __________

жоқ ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

да ⬜

нет ⬜ неизвестно ⬜

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АНАМНЕЗ

№р/н

Соңғы 14 күнде елдің ішінде қайда саяхатта болдыңыз?

Елдегі барған елдімекендер (облысты көрсете отырып)

Соңғы 14 күннің ішінде Қазақстаннан тыс саяхат

Барған елдер

Барған елдімекендер

COVID-19 инфекциясына күдікті немесе расталған біреумен байланыс болды ма?

Соңғы 14 күннің ішінде көпшілік жиналысқа/іс-шараларға/концертке барды ма

Соңғы 14 күн ішінде осыған ұқсас ауруы бар адаммен жақын байланыста болды ма

1

2

3

4

6

7

8

9

1

иә ⬜ с ___/____/2020 ___/____/2020 аралығында

жоқ ⬜

белгісіз ⬜

1.

2.

3.

.

.

иә ⬜ с ___/____/2020 ___/____/2020 аралығында

жоқ ⬜

иә ⬜ қай кезеңде екенін көрсету ________

жоқ ⬜ белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜

белгісіз ⬜

иә ⬜

жоқ ⬜

белгісіз ⬜

КЕСТЕНІҢ ЖАЛҒАСЫ

№р/н

Пациент соңғы 14 күннің ішінде ауруханаға барды немесе емдеуге жатқызылды

Пациент соңғы 14 күннің ішінде емханаға/ОДА-ға

ФАП-қа барды

Пациенттің айналысатын ісі

1

2

3

4

иә ⬜ егер иә, онда нақтылаңыз_______

жоқ⬜

белгісіз⬜

1.

2.

3.

.

.

Денсаулық сақтау қызметкері ⬜

Зертхана маманы ⬜

Студент/оқушы ⬜

Басқа, нақтылаңыз⬜ ____________

ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАДЫ:

1. Тегі Аты Әкесінің аты (ол бар болса)________________________

2. Лауазымы: ______________________

3. Жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы):_________________________

4. Жұмыс телефоны: ______________________

5. Ұялы телефон: ___________________

6. Электрондық почта: ____________________

7. Нысан толық толтырылды: ⬜ иә, толық ⬜ жоқ, ішінара

8. Толық толтырмау себебін көрсетіңіз ⬜ Байланыс үзілді ⬜ Деректерді беруден бас тарту⬜ Басқасын көрсетіңіз_____________________________

9. Қолы_______________________

10. Күні «______»__________ жыл

АҚПАРАТ БЕРГЕН АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (ЕГЕР БҰЛ ПАЦИЕНТБОЛМАСА)

1. Тегі ___________ Аты ____________ Әкесінің аты (ол бар болса) ____________

2. Туған күні (күні/айы/жылы)_______/__________/_______

3. Жынысы: 1- ер, 2- әйел

4. Жеке сәйкестендіргіш нөмірі _______________________________

5. Тұрғылықты орны (мекенжайы) ________________________________________________

6. Жұмыс орны, лауазымы ________________________________________________

7. Пациентке кім болады _________________________________________________

8. Ұялы телефон ________________

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ______________ қаулысына 3-қосымша

COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ БОЛҒАН АДАМДАР ҮШІН КАРАНТИН ТҮРІН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

COVID-19 короновирустық инфекциясын жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және ықтимал байланыс болып бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

– COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

– COVID-19 жағдайымен тікелей дене байланысы болған адам (мысалы, қол алысу);

– COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу);

– COVID-19 жағдайымен 2 метрден жақын және 15 минуттан артық бетпе-бет болған адам;

– COVID-19 жағдайымен 2 метрден жақын қашықтықта немесе 15 минуттан артық және одан да астам уақыт жабық үй-жайда бірге болған адам (мысалы, сынып, кеңес өткізуге арналған бөлме, ауруханадағы күту бөлмесі және т.б.);

– COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

– ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 жағдайынан кез келген бағытта екі орындық арақашықтықта не бір купеде (поезда) болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 жағдайы ұшқан ұшақта секцияға қызмет көрсеткен экипаж мүшелері айқындалады.

Эпидемиологиялық байланыстың болуы COVID-19 жағдайы ауруы (симптомдарының пайда болуы) басталғанға дейін 14 күн бойы қаралады.

Ықтимал байланыс:

– бұл 1А немесе 1Б санатына жатқызылған елдерден/аумақтардан келген адам;

– ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайымен бірге болған, бірақ онымен жақын байланыста болмаған адамдар.

Жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантинге жатқызылады:

1. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болған адамдар бір отбасының мүшелерін қоспағанда карантиндік стационарға (изолятор) орналастырылады.

2. Бір отбасы мүшелері болып табылатын COVID-19 жағдайының жақын байланыста болған адамдары үйдегі карантинде болады.

3. 1А санатындағы елдерден келген ықтимал байланыста болған адамдар карантиндік стационарға (изоляторға) орналастырылады.

4. 1Б санатындағы елдерден келген ықтимал байланыста болған адамдар үйдегі карантинде болады.

5. Халықаралық қатынастағы ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайымен бірге ықтимал байланыста болған, бірақ олармен жақын байланыста болмаған адамдар үйдегі карантинде болады.

ІІ. БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН АДАМДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІ

1. Клиникалық белгілері бар ықтимал байланыста болған адамдар провизорлық стационарға (бөлімшеге) жедел медициналық жәрдем машинасымен жіберіледі.

2. Ы байланыста болған адамдар тұрғылықты, орналасқан жері бойынша өзін-өзі оқшаулауға жағдай болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындаған карантинге тасымалданады.

3. Байланыста болған адамдарды оқшаулауға арналған карантиндік стационарға қойылатын ең аз талаптар осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген.

4. Байланыста болған адамдарды карантинге тасымалдау арнайы көлікпен (автобус, шағын автобус), мүмкіндігінше жүргізуші кабинасын салоннан оқшаулай отырып, жүзеге асырылады, бүріккішпен, дезинфекциялауға арналған мүкәммалмен және құралдармен, байланыста болған адамдар үшін қорғаныш маскаларының қорымен, медициналық қалдықтарды жинауға арналған бір рет қолданылатын құралдармен жабдықталады.

5. Медицина қызметкерлері, арнайы көлік құралының жүргізушісі жиынтығында көзілдірік, N95 үлгідегі респиратор-маскалар бар жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) жұмыс істейді, жеке антисептиктермен қамтамасыз етіледі.

6. Байланыста болған адамдарды тасымалдау жеке қорғаныш құралдарымен эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

7. Карантиндік стационарларда арнайы көлік құралдары әр тасымалдағанға дейін және одан кейін жуылуы және дезинфекциялануы тиіс, қызметкерлердің қорғаныш және жұмыс киімдері тасымалдау аяқталғаннан кейін вирустық режим бойынша дезинфекцияланады.

8. Медициналық ұйымдарда дезинфекциялауды олардың персоналы жүргізеді. Сондай-ақ науқасты тексеріп-қарауды жүргізген персоналдың киімі және медициналық құрал-саймандар зарарсыздандырылады.

9. Карантиндік стационарды тәулік бойы полиция жасақтары байланыста болған адамдардың, келушілердің, көліктің кіруін/шығуын, заттардың, өнімдердің және т.б. әкелінуін/шығарылуын қатаң бақылау үшін қамтамасыз етеді. Полиция жасақтары жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі және жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _____________ қаулысына 4-қосымша

COVID-19-БЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН АДАМДАРДЫ ОҚШАУЛАУҒА АРНАЛҒАН КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Объекті оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерлері және т.б.), қажет болған жағдайда ықтимал байланыста болған адамдарды оқшаулау және бақылау үшін арнайы бейімделген үй-жайларда орналастырылуы тиіс.

2. Ғимараттың орналасуы – жеке тұрған, қаланың шегінде және тұрғын үй алабы мен стратегиялық ғимараттардан алшақ.

3. Ғимараттың түрі – түрі қалыпты сыртқы эстетикалық болуы тиіс, іші – санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы тиіс, қоршауы, жеке кіреберіс жолдары мен өткізу пункті болуы тиіс.

4. Кіретін/шығатын жерде дезинфекциялық кедергі, аумақта көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады.

5. Объекті ғимаратының табиғи желдеткіші болуы тиіс.

6. Автомашиналардың келу бағытын, ғимарат ішінде маршруттауды, пациенттерді қарсы алуды және палаталарға орналастыруды пысықтау, күн тәртібі мен болу шарттары (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі) туралы ақпараттандыру қажет.

7. Ғимаратқа кіреберісте үстелдер, орындықтар, кушеткалар, сканерімен компьютерлік ұйымдастыру техникасы бар, міндетті түрде интернет пен телефон байланысы қосылған, КВИ-ға күдікті адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл) болуы тиіс.

8. Палаталар жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген, жеткілікті жайлы жатын орны бар болуы тиіс, бұл ретте балаларға арналған ұйықтайтын орындар (төсектегі ернеулер), сондай-ақ отбасылық жұптарға арналған жеке палаталар қарастырылуы тиіс.

9. Келушілердің заттарын санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме болуы тиіс.

10. Консультативтік сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталықтың болуы тиіс.

11. Санитариялық тораптардың, сондай-ақ ыстық және суық суы бар себезгі кабиналарының жеткілікті саны болуы тиіс.

12. Тарату асүйі бар асхана болуы тиіс. Тамақтану тиісті дәрежеде ұйымдастырылуы тиіс.

13. Қызметкерлердің – бейінді дәрігерлердің, мейіргерлердің, зертханашалардың, эпидемиологтардың, тіркеушілердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, кіші медицина персоналының (50-ге дейінгі обервациялық – 1 дәрігер, 1 мейіргер, 2 санитар) қажетті санын айқындау қажет.

14. Медицина қызметкерлерін жиынтығында көзілдірік, N95 үлгідегі респиратор-маскалар бар жеке қорғаныш құралдарымен, дезинфекциялау құралдарымен, жеке гигиена құралдарымен (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалармен, төсек-орын жиынтықтарымен, келушілерге арналған ауысымдық іш киімдермен (ерлер, әйелдер, балалар) жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

15. Әр қызметкермен санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, гигиенаны, құпиялылықты, әдепті және деонтологияны сақтау бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз ету керек. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес КВИ-ға күдікті адамдарды қадағалау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету керек.

16. Дәрілік заттар мен ММБ-ның (спирттік қалта антисептиктері, градусниктер және т.б.) қажетті қорымен қамтамасыз ету керек.

17. Келушілерді тексеру жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтауына, смартфондары мен жеке заттарын санитариялық және гигиеналық өңдеуге уақытша алуға ақпараттық келісім парағымен қамтамасыз ету керек. Келушілердің жеке заттарын өңдеуді қамтамасыз ету бойынша жауапты қызметкерді айқындау керек.

18. Тіркеушілерге келушілердің деректері туралы толтыру үшін нысандар беру керек.

19. Адамдар келгеннен кейін емдеуге жатқызу кезінде тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау мақсатында МСАК деңгейімен өзара іс-қимылды және сабақтастықты қамтамасыз ету үшін БХТ бойынша сәйкестендіру керек.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ______________ қаулысына 5-қосымша

COVID-19-ға эпидемиялық тәуекелі бар адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидалары

НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Үй карантині 1б санатындағы елден шыққан күннен бастап немесе COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайымен соңғы жақын байланыста болған сәттен бастап 14 күнге созылады.

Үй карантинінің мақсаты – аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

ҮЙ КАРАНТИНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН ТҰРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

1. Байланыста болған адам(дар) басқа отбасы мүшелерінен (көршілерден) оқшаулана алатын, жеке дәретханасы бар (жеке пәтер) жеке бөлме бар.

2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4. Стационарлық телефонға немесе мобильді байланысқа қолжетімділік бар.

5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Міндеттемені алуды келісу кезінде адам оны сақтау туралы қолхатқа өзінің қолымен растайды.

Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.

ҮЙ КАРАНТИНІНДЕГІ АДАМҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР

1. Үйден шықпау.

2. Пәтерде отбасының басқа мүшелері тұратын жағдайда есігі жабылатын, жақсы желдетілетін жеке бөлмеде болу қажет. Тек қажетті шаралар үшін және қысқа уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс.

3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын қол орамалымен жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оны спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу.

4. Қолды сабынмен жуу немесе тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.

5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану.

6. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу.

ҮЙ КАРАНТИНІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Карантин бөлмесіне кіре алатын үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулардан зардап шекпейтін бір дені сау адамға берілуі тиіс.

1. Үйге келушілер болмауы тиіс.

2. Үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жууы тиіс.

3. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа маскамен ауыстыру қажет. Масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.

4. Карантиндегі адаммен және карантин бөлмесіндегі беттермен, киіммен, төсек-орын жабдығымен және ыдыс-аяқпен кез келген байланыста болған кезде бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.

5. Карантиндегі адамның бөлмесіндегі беттерді тазарту және дезинфекциялау.

6. Карантиндегі адамның барлық кір киім-кешегін жуғанға дейін оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.

7. Карантиндегі адамның заттарын бірлесіп пайдаланудан бас тарту керек.

ҮЙ КАРАНТИНІ КЕЗІНДЕ ОТБАСЫНЫҢ/ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ:

1. Барлығы күніне кемінде 2 рет дене температурасын өлшеуі керек.

2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

3. Күн сайын ылғалды тазалау.

4. Қолды сабынмен жиі жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.

5. Отбасының/үй шаруашылығының әрбір мүшесі жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалануы керек.

6. Бөгде адамдардың келуін болдырмау.

7. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде бір рет қолданылатын сулықпен ауыз бен мұрынды жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оны спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу.

8. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру керек.

ҮЙ КАРАНТИНІН САҚТАУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ҚОЛХАТ

Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

(Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелген, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- БМСД қаулысының 3-қосымшасымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) ережелерін сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісемін.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бар тарту арқылы көрінген кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

Күні:_________

Қолы____________

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _____ наурыздағы № _____ қаулысына 6-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛҒАН ҚАУЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

1) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 6 қантардағы №1-ПГВр қаулысы;

2) «2019 – nCoV коронавирусық инфекциясының жаңа түрінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 3 ақпандағы №2-ПГВр қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 9-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №10-ПГВр қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысы;

5) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №13-ПГВр қаулысы;

6) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 7 наурыздағы №16-ПГВр қаулысы;

7) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 9 наурыздағы №18-ПГВр қаулысы;

8) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 12 наурыздағы №20-ПГВр қаулысы;

9) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 14 наурыздағы №21-ПГВр қаулысы;

10) «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 14 наурыздағы №23-ПГВр қаулысы.

Разработано в AlmaWeb