Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Қызылордада «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ мамандары шеберлік сағаттарын өткізді

Қызылорда қаласында «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ мамандары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Ысқақовпен кездесіп, аймақтық денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады. Олжас Ермекұлы өз сөзінде, еліміздің жетекші хирургиялық орталығында орындалатын күрделі әрі бірегей оталарды Қызылорда қ. емдеу мекемелеріне енгізу жөнінде ұсыныс білдіріп, бұл бастаманы қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы арасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында меморандум жасалған.

Олжас Ермекұлының ұсынысы және меморандум аясында, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары Қызылорда қаласындағы Көпбейінді облыстық ауруханаға келіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Білікті дәрігерлер өз салалары бойынша науқастарға кеңес беріп, тексеру арқылы әрі қарайғы емдеу әдістеріне қатысты ұсыныстар берді. Дәрігерлер 19-20 қазан аралығында өт жолдары сырқаттарына және жүрек ырғағының бұзылуына байланысты 7 күрделі ота жасады. Анестезиология, реаниматология және гипербариялық оттектендіру бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қ. штаттан тыс бас реаниматолог-анестезиолог дәрігері Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов жан сақтау бөлімдерінде жатқан науқастарға кеңес берді.

Шеберлік сағаттары Қызылорда қаласының емдеу, алдын-алу мекемелерінің мамандарының қатысуымен өткізілген конференцияға ұласты, конференция барысында 3 баяндама жасалды. Алғаш болып «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, PhD, Шоқан Ахметбекұлы Қаниев «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының қызметі туралы» баяндап, заманауи технологиялар арқылы жасалып жатқан күрделі оталармен таныстырды.

Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Анестезиология, реаниматология және гипербариялық оттектендіру бөлімшесінің меңгерушісі Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов мидағы қан айналымының жедел бұзылысы бар науқастарды емдеу кезіндегі қарқынды терапия туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Рентген хирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, PhD, Әділ Құдайбергенұлы Байымбетов жүрек ырғағы бұзылған науқастарды емдеудегі заманауи технологиялар жөнінде баяндады.

Разработано в AlmaWeb