Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

Қызылорда облысында созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа тұңғыш рет бүйрек трансплантациясы жасалды. Мұндай ота республикада осыған дейін үш облыста ғана жасалған. Облыс әкімі Қ.Көшербаев науқастың көңілін сұрап, сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ең ауыр операциялардың бірі болып есептелетін отаны облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері мен А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бірлесіп жасады. Қызылорда қаласының тұрғыны Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донорлық жасап бір бүйрегін берді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір екеуінің де жағдайы бірқалыпты.

Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас директоры Жеткерген Арзықұлов сәуір айында бүйрек транспланталогиясын меңгеру үшін қызылордалық дәрігерлер А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында білімін жетілдіріп қайтқанын айтты.
Бүгінгі күні облыстық медицина орталығында ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жалпы өңірімізде бүйрек жетіспеушілігіне душар болып, гемодиализде отырған 100 ден астам науқас бар. Оның 45-і донорды күтіп, кезекте тұр. Келесі бүйрек ауыстыру отасы қараша айында жасалады деп күтілуде.

– Денсаулық саласына биыл 35 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Бұл басты байлық саналатын денсаулықты қалпына келтіру үшін жасалып отырған қолдау. Облыс дәрігерлері тәжірибелерін толыстырып, күрделі операцияларды өзімізде жасайтын болды. Бұл медицина саласындағы бір жетістік, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Источник: http://www.syrboyi.kz

Разработано в AlmaWeb